"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Әдеби Ақжайық" бөлімі бойынша "Өлең сөздің зергері - Қадыр ақын" атты поэзия сағаты 6"Б" сыныбымен оздырылды. Оқушылар өмірдерегімен, шығармашылығымен танысып, өлеңдерін оқып, көрмемен танысып қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Шара ақынның әндерін караоке арқылы оындаумен аяқталды.
https://sh20-uralsk.edu.kz/kug-k-sht-r-me-tep.html#sigFreeIdc2e9677f68
Ағылшын тілінде әдеби кітаптарды 9Е сынып оқушылары оқып, ең қызықты кітапты сыныптастарына ұсынды, және шағын эссе жазды.
«Қыста оқимыз» жобасы аясында 4"И "сынып оқушылары кітапханадан кітап алып, үйде қызығушылықпен оқыды. Жобаға Төлепқали Нұрали, Серік Әсемай және Ухабина Маргарита белсене қатысты. Нұрәлі қазақтың "Жиренше - шешен" халық ертегісін оқып, ертегіден сурет салды. Маргарита Харриет Манкастердің "Мирабель.Ерекше қыз. Мойынсұну қаншалықты қиын!", сондай-ақ Холли Веббтің "Мұражайдағы марғаулар" кітаптарын оқып, сыныптастарына ұсынды. Серік Әсемай болса, өзінің сүйікті шығармаларына эмблемалар жасап, суретін салды.
https://sh20-uralsk.edu.kz/kug-k-sht-r-me-tep.html#sigFreeId943608e9ce
«Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша белгілі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары оқуға ұсынылған болатын.
Осыған орай, мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен ұлы тұлғаның өнегелі өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында интеллектуалдық ойын өткізілді.
Шараға Х.Доспанова ат. №30 ЖОББМ-нің «Жас талап» тобы мен мектебіміздің 8 «В» сынып оқушылары «Алаш» тобы қатысты.
Шара барысында оқушылар жыл бойына оқыған шығармалар бойынша ұяшықтар таңдау арқылы сұрақтарға жауап берді. Нәтижесінде «Алаш» тобы жеңіске жетті.
https://sh20-uralsk.edu.kz/kug-k-sht-r-me-tep.html#sigFreeId246f5e89d3
«Ақылды үзіліс» кезінде С.Сейфуллиннің туған күніне орай, мектеп оқушыларына ақынның өмірі мен шығармашылығы таныстырылды. Оқушылар ақынның өлеңдерін оқып, кітап көрмесімен танысты.
https://sh20-uralsk.edu.kz/kug-k-sht-r-me-tep.html#sigFreeIdb799607aae
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында бастауыш сыныптарына арналған кітапханамен танысу сағаты оздырылды.
Шара барысында оқушылар кітапханаға саяхат жасап, кітапты пайдалану ережесі, оқырманның ережесімен танысты. Сонымен қатар, шара барысында балалар «Ертегілер әлемінде» атты викториналық ойындар ойнап, сан түрлі сұрақтарға жауап берді.
https://sh20-uralsk.edu.kz/kug-k-sht-r-me-tep.html#sigFreeIde6f8dcd0a7
Мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы "Әдеби Ақжайық" бөлімі аясында "Жыр өңірі-Жайығым" атты әдеби сазды кеш оздырылды.
Кездесуге шығармашыл ұстаз, жерлес ақын, «Бұлқыныс» кітабының авторы Қайыржан Бақытұлы Таубаев және шәкірті самбодан төрт дүркін әлем чемпионы Ерболат Сағатұлы Байбатыров келді.
Шара барысында оқырмандар қонақтармен сұхбаттасып, «Бұлқыныс» кітабының мазмұны тереңінен ашылды. Оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, Қ. Таубаевтың сөзіне жазылған «Спортшылар маршы» әнін мектебіміздің оқушысы Утегалиев Нурали орындады. Шара соңында Қайыржан Бақытұлы өзінің кітабын оқушыларға өз қолтаңбасымен сыйға тартты. Шара туралы ақпараттар мектептің әлеуметтік парақшаларына жарияланды
https://sh20-uralsk.edu.kz/kug-k-sht-r-me-tep.html#sigFreeId0787bc78aa
Мектеп кітапханасында атқарылған жұмыстар
№ |
Бақылау көрсеткіші |
2022 |
1 |
Кітапхана қоры (Кн.фонд) |
105495 |
2 |
Оқырман саны Кол-во чит |
2030 |
3 |
Жаңа оқулықтар Новые учеб. |
285 |
4 |
Оқушылар учащиеся |
2146 |
5 |
Оқытушылар преподователи |
155 |
6 |
Басқалар другие |
120 |
7 |
Келушілер саны Посещаемость |
28288 |
8 |
Берілген кітап саны Книговыдача |
35340 |
9 |
Келіп түскен көркем әдебиеттер |
5780 |
2022 оқу жылының басында кітапхана жаңа жиһаздармен жабдықталды.
Тұрақты кітап көрмелер:
-«Сан сұраққа саяхат»
-«Оқуға құштар мектеп»
-«Балаларға базарлық»
-«Бір ел-бір кітап»
- «Мемлекеттік тіл –еліміздің айнасы»
- «Сіздер үшін - ең жаңасы!»
- «Өлке құндылығы – ұрпаққа мұра»
-«Тәуелсіздік- мақтанышым»
- «Кітап – асыл қазына»,
- «Даналықтың бірі – кітапта»
Кітапханада өткізілен мәдени-көпшілік іс-шаралар:
Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Сол себепті де, метебіміздің оқушыларын кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында, жаңа форматтағы іс-шаралар, кездесулер, конференциялар ұйымдастырылып, мазмұнды, мағыналы жұмыстар жүргізілді. Әр бас қосуда «Ұжымдық оқу», «Әжемнің ертегілері», «20мин оқы да,3 мин эссе жаз», «Кітаппен өткен демалыс күндер қызық», «Оқы және өзгеге сыйла», «Әдеби Ақжайық», TEDx, REDx т.б шаралар ұйымдастырылды. Әр шараға балалар белсенділікпен қатысып, өз ойларымекн, қызығушылықтармен бөлісіп отырды.
"Әдеби Ақжайық" акциясы аясында жерлес ақын С.Сейітовтың көшесінде 7"д" сынып оқушыларымен танымдық сағат оздырылса, Ақжайық өңірінің ақын-жазушыларының шығармаларын насихаттауда жерлес ақын Амангелді Шахинмен кездесу, өлкеміздің ақыны Тайыр Жароковтың шығармашылығына арналған "Тарлан ақын-Тайыр Жароков" атты әдеби кеш, "Ақын - елдің ардағы" атты айтыс өнерінде өзіндік қолтанбасы бар, бүгінде биік белестерді бағындырып жүрген Орынбек Нұрболатұлымен кездесу, өлкеміздің ақыны, тележүргізуші, журналист Мұнайдар Балмолдамен zoom платформасында кездесу, Облыстық балалар "Самал" газетінің бас редакторы Сүндетов Жұмажан Қадимұлымен кездесулер ұйымдастырылды.
https://sh20-uralsk.edu.kz/kug-k-sht-r-me-tep.html#sigFreeId39187a8483
«Бір ел - бір кітап» акциясы аясында «Ұлт ұстазы - А.Байтұрсынов» атты кітап көрме жасақталып, оқушыларға шығармаларын оқуға ұсынылды, "Ұлт ұстазы" атты дөнгелек үстел өткізілді. Шараға мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері мен 7 сынып оқушылар қатысты. Шара барысында Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің "музыка" факультетінің "Қос найза" тобы әні "Екі жирен" мен "Қазақ елі" әндерін орындап шараны қыздыра түсті.
Ұлы тұлғаның еңбектерін ұжым болып оқуға ұсынылып, «Нар тұлға» атты әдеби сазды кеш оздырылды.
https://sh20-uralsk.edu.kz/kug-k-sht-r-me-tep.html#sigFreeId4f9c094954
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздік мақтанышым" - атты кітап көрмесінен 10 "в" сынып оқушысы Орынбек Раушан Елбасының кітаптырымен бөлісіп, барша оқырманға оқуға ұсынуда.
«Тәуелсіз елдің жастары» атты тақырыптық кездесу кеші болып өтті. Шараға тәуелсіздікпен құрдас жас ұстаздар, мектеп оқушылары, мұғалімдер қатысты. Тәуелсіздік құрдастары 30 жылда жеткен Еліміздің жетістіктерімен өз өміріндегі жеткен жетістіктері туралы кеңінен әңгімелеп берді. Оқырмандардың қойған сұрақтарына жауап берді.
Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жалпыхалықтық оқуға "Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап" рухани - мәдени акциясы ұсынылған еді .Осы акция аясында # 20ЖОББМ мектеп ұжымы оқыған майталман ақын Ж.Нәжмеденовтің "Менің Қазақстаным" кітабын #30 ЖОББ мектебіне челлендж жолдады.
Бастауыш сыныптар арасында.
«Оқуға құшар мектеп » жобасы аясында барлық сыныптарда буккросинг бұрышы ашылды.
"Бір отбасы- бір кітап" отбасылық кітап оқу акциясы ұйымдастырылды. Балаларды кітап оқуға баулу, әдеби шығармаларға қызықтыру- ата ананың негізгі міндеті. Ата-анасы кітапты көп оқитын баланың да оқуға деген қызығушылығын тез оянады. Міне осы себепті де ұйымдастырылған акцияға ата-аналар белсенді қатысты. Видео мектептің инсмтаграмм парақшасына және мектеп сайтына салынды.
https://sh20-uralsk.edu.kz/kug-k-sht-r-me-tep.html#sigFreeId29cb66a31a
"Әженің ертігілері" бөлімі бойынша мектебіміздің бастауыш сыныптары, атап айтсақ 1,2,3, сынып оқушылары жоба бойынша оқыған ертегілер желісімен сурет салып, ертегіні баяндады. Әр түрлі қойылымдар қойып, жүлделі орындар иеленіп отырды. Матералдар видео түрінде мектептің инсмтаграмм парақшасына және мектеп сайтына салынды.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "20 минут оқыда, 3 минут эссе жаз" кітап оқу акциясына белсене қатысқан бастауыш сынып оқушылары сыныпқа берілген «Ағайынды Гримм», «Ақымақ қасқыр», «Шаруа мен аю», «Мужык и медведь», «Глупый волк» ертегісі желісінде эссе жазып, кітапханаға тапсырды.
2021 жылыдың 01 – 29 сәуір аралығында мектебіміздің оқушыларымен «Оқуға құштар мектеп» жобасын аясында «Менің үйдегі кітапханам» фотосурет бәйгесі жарияланып, 30 сәуір күні фотобәйге әділқазылардың бағасымен қорытындыланды.
Қорытынды бойынша:
Бас жүлде: 3«В» Мүрсәлім Әбдіғаппар
https://sh20-uralsk.edu.kz/kug-k-sht-r-me-tep.html#sigFreeIdcec331efec
1 орын: 3 «Г» Нәсіпқали Әмина
ІІ орын: 4 «А» Өтеш Асем, 3 «А» Сағынғали София
ІІІ орын 4«А» Орынбек Блтакоз, 3 «Б» Ерсаиын Сезім, 1 «В» Нуржанов Саят алса,
Алғыс хатқа 4 «А»Үсен Асем, 3 «Г»Ахатова Камила,2 «Б» Мүрсәлім Айнур, 2 «А» Жаңабай Аяулым, 4 «Б» Сәлімұлы Аихан, 4 «А» Таилин Сұлтан ие болды.
«Ашық аспан астындағы кітапхана» акция аясында кішкентай оқырмандарымыз мектептің скверінде кітапхананың бай рухани қазынасымен танысып, кітапханашымен танымдық ойындар ойнады, викториналық сауалдарға жауап беріп, ертегілер әлеміне саяхат жасады.
Сонымен қатар, жылы бойы "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында ұйымдастырылған шараларға белсене қатысқан сыныптар мектепішілік дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталды.
Дайындаған: Шабарова Г.М
"Оқуға құштар мектеп " жобасы аясында 5 -сынып оқушылары "Ақылды үзіліс" кезінде өздерінің оқыған ертегілері туралы ой бөлісіп, сыныптас достарына оқуға ұсынды.
Мектеп кітапханасында "Балақай, оқы кызық!" атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
Шараның мақсаты: Әрбір тұлғаның кітап оқу арқылы кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту. Оқырманның кітапқа деген ерекше көзқарасын қалыптастыру.
Шара барысында балалар жұмбақтар, сөзжұмбақтар шешіп, «Ертегіні тап» атты ертегілерден жасырылған викториналық сұрақтарға жауап берді. Шара соңында сүйікті кітаптарын талқылап, шығарманы әсерлі етіп баяндап берді.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы «Әжемнің ертегілері» бағдарламасы аясында кезекті іс-шараға бастауыш сынып әжелері қонаққа келді.
Ұйымдастырылған шараға әжелер белсенділікпен қатысып, немерелеріне ертегі оқып берді. Балалар да оқыған ертегілерінің желісімен қойылымдар қойып, өлеңді жатқа оқыды.
Шара өте қызықты әрі тартымды өтті.
Жазғы мектеп жоспарына сәйкес 6 сыныптар "Кітап оқу" уақытында Шәкен Күмісбаевтың "Тұңғыштар" кітабымен оқып танысты. Оқушылар кітаптың мектеп жасындағы балаларға арналған танымдық тұрғыдан жазылған еңбек екендігін оқып білді. Сонымен бірге озық ойлы, білімдар, батыр, ғалым, спортшы, тағы басқа салалардағы ісімен алғашқы көрініп, аты шыққан ұлт өкілдерінің есімдерімен білімдерін толықтырды.
«Жазғы демалыс - кітаппен қызық» атты интеллектуалды - танымдық ойын мектебіміздің жазғы лагерь балаларымен ұйымдастырылды.
Шарада «Ертегі әлемі» кітап көрмесі, ойын-викториналар ұйымдастырылды. Сонымен қатар балаларға ертегіні рөлге бөліп оқу ұнады.
https://sh20-uralsk.edu.kz/kug-k-sht-r-me-tep.html#sigFreeId62149f052c
«Оқуға құштар мектеп» жобасы жазғы мектептегі шәкірттердің кітап оқуға құштарлығын арттыру мақсатында коворкинг орталығында "Кел, балалар, оқылық" танымдық сабағы оздырылды.
Шара барысында викториналық сұрақтар қойылып, оқушылар кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптар мен QR-кодтты кітаптарды оқыды.
"Бастау" қауымдастығының ұйымдастыруымен, "Оқуға құштар мектеп", "Әдеби Ақжайық" жобасы аясында өлкеміздің ақыны Тайыр Жароковтың шығармашылығына арналған "Тарлан ақын - Тайыр Жароков" атты әдеби кеш оздырылды.
Шара барысында оқырмандар ақынның өмірбаяны мен шығармашылығымен танысты. Сонымен қатар, ақынның өлеңдерін оқып, әндерін орындады.
Мектебімізде "Балалар жылына" орай "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Әжемнің ертегілері" атты әдеби вернисаж өтті. Шараға әжелер клубының мүшесі, ардагер ұстаз Кусманова Светлана Калимуллиновна қатысты. Ол балаларға ертегі оқып, тағылымы мол ғибратты әңгімесімен бөлісті.
https://sh20-uralsk.edu.kz/kug-k-sht-r-me-tep.html#sigFreeId8007d52a27
«2022 жыл - Балалар жылы» аясында «Қаламы ұшқыр қаламгер» - атты әдеби карусель ұйымдастырылды. Шараға 7в сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға Б.Соқпақбаевтың "Балалық шаққа саяхат" кітап көрмесі таныстырылды, осы кітапты оқыған оқушылар өз сыныптастарына оқуға кеңес берді.
Биылғы жылы "Бір ел -бір кітап -2022" республикалық акциясы аясында Ұлт ұстазы- А.Байтұрсынұлы шығармаларын оқу ұсынылды. Осыған орай, мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен "Ұлт ұстазы" атты дөнгелек үстел өткізілді. Шараға мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері мен 7 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің "музыка" факультетінің "Қос найза" тобы "Екі жирен" әні мен "Қазақ елі" әндерін орындап шараны қыздыра түсті.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Әдеби Ақжайық" тақырыбында әдеби -караван болып өтті. Ақжайық өңірінің ақын-жазушыларының шығармаларын насихаттауда жерлес ақын Амангелді Шахинмен кездесу оздырылды.
Шара барысында "Туған өлкенің ақын-жазушылары" атты кітап көрме жасақталып, қаламгердің шығармалығы насихатталды. Оқушылар ақынның өлеңдерін оқып, өнер көрсетіп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сұхбат алмасты.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында БҚАТУ студенттерінен құрылған дебаттық топпен 8 "б" сынып оқушылары кездесті. Шарада ғаламтордың пайдасы мен зияны туралы пікірталас өткізіліп, ғаламтордың пайда болуы туралы ақпараттар берілді. Оқушылар өз ойларын қосып, тест сұрақтарына жауап берді.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында, кітапханада "Оқу сағаты" оздырылды. Кішкентай оқырмандарға электронды аудиокітаптар таныстырылды .Әртүрлі жанрдағы ертегілер аудиокітаптар арқылы тыңдалды. Шаоа мақсаты: Кішкентай оқырманға кітап оқуды насихаттау.
https://sh20-uralsk.edu.kz/kug-k-sht-r-me-tep.html#sigFreeId31592f6430
№ | Название | Скачать |
---|---|---|
1 | Оқуға құштар мектеп жобасының іс-шаралар жоспары 2021-2022 оқу жылы |
Мектебімізде 1 сыныпқа дайындықты бастаған "Балақайлар мектебі" кітапханаға саяхат жасады. Балаларға "Ертегілер әлемі" атты ертеңгілік ұйымдастырылып, кітапхана ережелерімен таныстырылды.
https://sh20-uralsk.edu.kz/kug-k-sht-r-me-tep.html#sigFreeId05597b6ae9
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында өтіп жатқан "Ашық аспан астындағы мектеп кітапханасы" екі елдің поэзия әлеміндегі шоқтығы биік тұлғаларға арналды. Акция "Абай мен Пушкин шығармаларындағы үндестік" - атты әдеби батлмен жалғасын тапты.
https://sh20-uralsk.edu.kz/kug-k-sht-r-me-tep.html#sigFreeId4dc99ae467
"Ашық аспан астындағы мектеп кітапханасы" акциясының аясында, Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкиннің туған күніне орай, "Пушкин - ұрпақтармен мәңгі" тақырыбында №5 кітапхана-филиалымен бірлесе мерекелік шара өтті. Шара барысында "Ақын мұрасы мәңгілік"- атты кітап көрмесіне саяхат жасалды. Жас оқырмандар ақынның ертегілерін, өлендерін жарыса айтып, шараға қызығушылықпен қатысты.
https://sh20-uralsk.edu.kz/kug-k-sht-r-me-tep.html#sigFreeId25ee4c1445
"Ашық аспан астындағы кітапхана" акция аясында кішкентай оқырмандарымыз мектеп кітапханасының бай рухани қазынасымен танысып, кітапханашымен танымдық ойындар ойнады, викториналық сауалдарға жауап беріп, ертегілер әлеміне саяхат жасады.
Сонымен қатар, "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында шараларға жыл бойы белсене қатысқан сыныптар марапатталды. "Ашық аспан астындағы кітапхана" акция аясында кішкентай оқырмандарымыз мектептің скверінде кітапхананың бай рухани қазынасымен танысып, кітапханашымен танымдық ойындар ойнады, викториналық сауалдарға жауап беріп, ертегілер әлеміне саяхат жасады.
Сонымен қатар, "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында шараларға жыл бойы белсене қатысқан сыныптар марапатталды. "Ашық аспан астындағы кітапхана" акция аясында кішкентай оқырмандарымыз мектептің скверінде кітапхананың бай рухани қазынасымен танысып, кітапханашымен танымдық ойындар ойнады, викториналық сауалдарға жауап беріп, ертегілер әлеміне саяхат жасады.
Сонымен қатар, "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында шараларға жыл бойы белсене қатысқан сыныптар марапатталды.
Жеңіс мерекесіне орай Коворкинг орталығында "Ұрпақтар ұмытпайтын - ұлы Жеңіс" ақпараттық сағат оздырылды. Шара барысында Ұлы Отан соғыс зардаптары туралы айтып, Ұлы жеңіс туралы мағлұмат берілді. Оқушылар жеңіске арналған өлеңдер оқып, өздерінің ата- әжелері турала естеліктерін айтты. Кітап көрмесіне шолу жасалып, таныстырылды. Оқушылар "Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды" бейнефильмін тамашалап, тақырыптық әндер шырқады.
https://sh20-uralsk.edu.kz/kug-k-sht-r-me-tep.html#sigFreeIdc90d19cd60
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында коворкинг орталығында "Қазақтың 100 әні" мен "Қазақтың 100 күйіне" арналған бұрыш шығарылып оқырмандарға QR код желісі таныстырылды. Шара барысында күйлердің шығу тарихымен таныстырылып, өнерлі оқушылар күй тартты. Шара соңында тілек ағашына барып тілектерін жазып ілді. Шара "Менің Қазақстаным" әнімен аяқталды.
.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында жұмысын бастаған коворкинг орталығының демалыс аймағында оқушылар мен мұғалімдер QR-сканер қосымшасымен кітаптарды оқып, рухани демалуда.
Өзің оқып, өзгеге ұсын
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектеп ұстаздары өздерінің көңілдерінен шыққан кітаптарын оқушыларға ұсынып, ерекше қырларын атап көрсетті.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Камиева Айгул Газизовна
#Өзің оқып, өзгеге ұсын
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында барлық сыныпта ашылған буккросинг бұрышының мақсаты: оқуға деген құштарлықты, кітап оқуға қызығушылықты арттыру болатын. Бүгінде балалар қызығушылықпен кітап оқуда. Буккроссинг мағынасы "Оқып болсаң, досыңа бер" болғандықтан әрбір оқушы оқып болған кітабын әкеліп қалдырып, оқымаған кітабын алып кете алады.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Кітаппен өткен демалыс күндер қызық " атты оқу марафоны ұйымдастырылып, балалар демалыс кезінде кітап оқып, бір-біріменипікір алмасты.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "20 минут оқыда, 3 минут эссе жаз"
кітап оқу акциясына бастауыш сынып оқушылары белсене қатысты.
«Оқуға құштар мектеп» жобасының «Әжемнің ертегілері» бөлімі бойынша оқушылар оқыған ертегі желісінде кейіпкерлер суретін салып, ертегіні баяндады.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында ашылған буккросинг бұрышқа мектебіміздің барлық сыныптары ат салысып, үйлерінен кітаптарын әкеліп, жарналады. Сонымен қатар, смартфоны бар әр кітапхана оқырманы QR кодты сканерлеп кітапты қызығушылықпен оқуда.
"Оқуға құштар мектеп " жобасы аясында "Бір отбасы- бір кітап" отбасылық кітап оқу акциясы ұйымдастырылды. Мақсаты - балаларды кітап оқуға баулу, әдеби шығармаларға қызықтыру.