2023 жылдың 17 қаңтар күні “Мәдени-ағарту бірлестігі” МКҚК қарасты “Бәйтерек” комьюнити орталығында, 9 «А» сынып оқушыларының қатысуымен “Қылмыс пен заң” атты танымдық сағат оздырылды. Танымдық сағатта Шаған полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары, полиция лейтенаттары Амирханова Аружан Берікқызы және Магзумов Нурбек Серікұлы, Зашаған кенті әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімі басшысы Батыров Жігер Меңдіғалиұлы құқық бұзушылық туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жалпы шараның мақсаты: кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің құқық бұзушылық және қылмыс белгілерін алдын алу, құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.
https://sh20-uralsk.edu.kz/%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD%EF%BF%BD29/22310-ylmys-pen-za-atty-tanymdy-sa-at-ozdyryldy.html#sigFreeId371048c0d5