Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай 2-11 сынып оқушылары арасында 1-9 желтоқсан аралығында мектепшілік шахмат олимпиадасы өткізілді. Шахмат ойынында жүлделі орындар иеленген оқушылар мектеп директорының арнайы дипломдарымен марапатталды.
https://sh20-uralsk.edu.kz/%D2%9B%D0%BE%D1%81%D1%8B%D0%BC%D1%88%D0%B0-%D0%B1%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BC-%D0%B1%D0%B5%D1%80%D1%83/2020-111.html#sigFreeId9e3cb71859
2021-2022 оқу жылындағы қосымша білім беру (үйірмелер мен секциялар)
бойынша ақпарат
Жас ұрпақ тәрбиесі адамзаттың барлық кезеңінде ғасырлар бойы дамып, өз шешімдерін тауып келеді.
Мектеп өмірінде мұғалім – басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді.
Ұлы данышпан Абай Құнанбайұлы «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деген қанатты сөзіді айтқан. Қазіргі кезде мемлекетімізде жас ұрпақтың жан – жақты дамуымен бірге тәрбиесіне де ерекше назар аударылуда.
Ұрпақ тәрбиесі - баршаның ісі. Тәрбие тек сабақ берумен ғана шектелмейді, ол сабақтан тыс уақытта да жалғаса береді және тереңдетіле түседі. Сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік іс – әрекет әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып жүргізіледі. Тәрбие барлық уақытта және барлық жерде жүзеге асырылады. Оны белгілі бір сағатпен, сабақпен шектеуге болмайды. Оқушының бос уақытын тиімді өткізу мен балаға жақсы тәрбие беруде оқыту сабақтарына қарағанда, сабақтан тыс жұмыстар мен мектептен тыс жұмыстардың алатын орны ерекше.
Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады. Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына арналады. Әр адам бос уақытын өзінше бір нәрсеге арнайды. Бірақ, бос уақытты ұтымды етіп өткізу әлдеқайда тиімді. Бос уақытты пайдалана отырып, қоғам, ұжым, отбасы оқушылардың демалысын тиімді етіп ұйымдастырылуына күш жұмсауы қажет. Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос уақыт - олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз етеді. Баланың бос уақытын оның өз қалауымен өткізуге атсалысу, оған аса мән беру - қазіргі таңның басты мақсаты саналуы тиіс. Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт беріп отыру-барша қауымның ортақ ісі. Оқушы жан-жақты болып өсу тек қана оның мектепте өткізген уақытымен шектелмейді. Бүгінгі таңда жаңа білімді адамды қалыптастыру барысында мектептің қызметі күннен-күнге ұлғая түсуде. Балалар ұйымы, ата-аналар, бүкіл жұртшылық балалардың бос уақытын өміріне пайдалы тәрбиелік мәні болатындай етіп өткізулеріне көмектесулері керек. Оқушылардын бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру оңай мәселе емес екенін де ұмытпауымыз керек.
Мектеп оқушылары мектептегі, мектептен тыс үйірмелерге үздіксіз қатысып жатыр. Түрлі спорттық үйірмелерге, шығармашылық үйірмелерге, вокал, аспаптық үйірмелер, театрлық, өлкетану бағытындағы үйірмелер, математика-жаратылыстану бағытындағы үйірмелерге белсенді қатынасып жүр.
Бүгінгі заман бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы. Сондықтан адамзат қиял мен ғажайыптарға қол созады. Мектебімізде оқу - тәрбие беруде тұлғалық танымдық белсенділікті дамыту мақсатында бірқатар үйірмелер жұмыс жасайды. Әрбір үйірменің жұмыс кестесі, уақыты белгіленген. Атап айтқанда, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қабілеттерін ашу мақсатында спорттық – футбол, волейбол үйірмелері жұмыс жасайды. Үйірмеге қатысып жүрген оқушылар спортқа, дене тәрбиесіне қызығушылық танытуда. Үйірме жұмысы барысында түрлі спорттық жарыстар, сайыстар ұйымдастырылады. Нәтижесінде көпшілік оқушылар қалалық спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде.
Бірқатар оқушылар ой-өрістерін, логикасын арттыру мақсатында мектептен тыс шахмат үйірмесіне қатысады. Домбыра үйірмесіне де оқушыларымыз белсенді қатысады. Нәтижесінде мектебімізде өтетін мерекелерде, түрлі сайыстарда домбырашыларымыз өз өнерлерін ортаға салып, шығармашылық есептерін береді. Оқушылардың сезім байлығын арттыру, ішкі жаратылыс қалпын дамыту мақсатында оқушылар вокал үйірмесіне қатынасады. Оқушылар өнерлерін шыңдау арқылы ән айтуға, кәсіби сахналық мәдениетке үйренеді. Оқушылар ән, хор сайыстарына да қатысып жүлделі орындарды иеленуде.
Мектебіміздің оқушылары мектепішілік мынадай үйірмелермен қамтылған: «Тарихи ғылымдар әлемінде», «Әдеп және парасаттылық», «Робототехника», «Қазақ тілінің жаңа мазмұндағы практикумы», «Пайдалы математика», «Экология», «Көңілім әнді ұғады», «Оқу сауаттылығы Пиза», «Медиасауаттылық», «Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру жолдары», «Зайырлылық және дінтану негіздері», «Бейорганикалық химияның танымдық әлемі», «Функционалдық сауаттылықтарын практикаға бағытталған есептерді шешу арқылы дамыту», «Физикалық терминдерді ағылшын тілінде оқып үйрену», «Эссе жазудың теориясы мен практикасы», «Домбыра», «Орта ғасыр және дала заңдары». Мектеп оқушыларының мектептегі үйірмелермен қамтылуы – 79% көрсетіп отыр.
Оқушыларымыздың барлығы мектептен тыс үйірмелермен қамтылып отыр. Олар қалалық мектептен тыс жұмыс орталығынығ кеме үлгілеу, қолөнер, вокал, сурет үйірмесі, картинг, «Мой сад», «Зеленые спасатели» экологиялық үйірмелерімен қамтылып отыр.
«Атамекен» балалар және жасөспірімдер туризм орталығы жанынан 3 үйірмеге қатысады. Биылғы оқу жылында мектеп оқушыларынан құралған «Абырой» командасы қалалық «Жас құтқарушы» байқауына қатысып, Алғыс хатқа ие болды.
«Робототехника» курсының қатысушылары жетекшісі А.Т.Темирбековтің ұйымдастыруымен қлттық ойындардың функиясы енгізілген (жамбы ату) робот құрастырып, сол жұмыспен ғылыми жобалар байқауына қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Оқушыларды қазіргі заман қоғамы мен мемлекет өміріне табысты әлеуметтік бейімдеу және интеграциялау, жоғары адамгершілік-рухани, көп мәдениеттілік пен жалпы адамзаттық құндылықтары қалыптастыру, өзін-өзі танытып және жалпы мәдениет ой-өрісін, ұйымдастыру машықтарын, пікір-талас жүргізу дағдыларын, өз пікірі мен бағытын нақты қуаттауды дамыту үшін жағдайлар жасау мақсатында мектебімізде "Парасат" дебат клубы жұмыс жасайды.
Жетекшісі: Сундеткалиева И.Е.
Мектебімізде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, оқушыларға экологиялық тәрбие беру мақсатында "Менің бақшам" үйірмесі жұмыс жасайды. Үйірмеде оқушылар түрлі гүлдер мен өсімдіктерге күтім жасап, оларды өсіруді үйренеді. Қоршаған ортаны аялап, қорғауды үйренеді. Үйірме жетекшісі: Антипова Н.С.
Мектебімізде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, балалардың би өнеріне деген қызығушылығын арттырып, тұлғаны қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында би үйірмесі жұмыс жасайды. Жетекшісі: Рахметова А.А.
Мектебімізде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, салауатты өмір салтын насихаттап, спортпен шұғылдануға баулу мақсатында мектептен тыс жұмыс орталығы жанынан ер балаларға арналған волейбол секциясы жұмыс жасайды. Секция жетекшісі: Кабашев К.С.
Мектебімізде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, салауатты өмір салтын насихаттап, спортпен шұғылдануға баулу мақсатында мектептен тыс жұмыс орталығы жанынан футбол секциясы жұмыс жасайды.
Секция жетекшісі: Ажгереев К.С.
Мектебімізде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, салауатты өмір салтын насихаттап, спортпен шұғылдануға баулу мақсатында мектептен тыс жұмыс орталығы жанынан қыз балаларға арналған волейбол секциясы жұмыс жасайды.
Секция жетекшісі: Мамаева С.О.
Мектебіміздің оқушылары Атамекен балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы жанынан ұйымдастырылған "Жаяу туризм” үйірмесіне белсенділік танытып қатысуда. Үйірменің мақсаты: оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа баулу.
Үйірме жетекшісі: Исполов Д.С.
Атамекен балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы жанынан ұйымдастырылған "Жас эколог" үйірмесіне мектебіміздің оқушылары белсенділік танытып қатысуда. Үйірменің мақсаты: табиғатты қорғап, қоршаған ортаны аялауға үйрету, оқушыларға экологиялық тәрбие беру.
Оқушылар қыс мезгілінде құстарға ұя жасап, оларды тамақтандырып, қамқорлық көрсетеді.
Үйірме жетекшісі:Құмарғали Д.Қ
Мектебіміздің оқушылары Атамекен балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы жанынан ұйымдастырылған "Экология және геология" үйірмесіне белсенділік танытып қатысуда. Үйірменің мақсаты: табиғатты қорғап, қоршаған ортаны аялауға үйрету, оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау.
Үйірме жетекшісі: Новичков В.В.
Көктемгі демалыс бойынша
АНЫҚТАМА
2022 жылғы 19 наурыз бен 30 наурыз аралығында оқушылардың көктемгі демалысы өткізілді. Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында демалыс жоспары құрылды. Жоспарға сәйкес барлық іс – шаралар өткізілді. 24.03.2022ж. қалалық «Батаменен ел көгерер...» бата беру байқауына қатыстық. Байқауға 1 «Б» сынып оқушысы Булат Раниса қатысып, Алғыс хатқа ие болды. 25.03.2022ж. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Демалыс кітаппен қызықты» тақырыбында оқушылар түрлі кітаптар оқып, оқыған кітаптарымен сыныптастарымен бөлісті. 26.03.2022ж. «Менің қызықты демалысым» тақырыбында бастауыш сынып оқушылары суреттер салып, салған суреттерінен онлайн көрме өткізілді. 28.03.2022ж. «Отбасыммен ойнаймын» тақырыбында шара өткізілді. Оқушылар үйлерінде ата – аналарымен бірге шахмат, дойбы, тоғықұмалақ ойындарын ойнады. Отбасы мүшелерімен, ата-аналарымен ойындар ойнады. 28.03.2022ж. жоспарға сәйкес «Жас Ұлан» ұйымы отырысы өткізілді. Отырыс барысында ұйым мүшелері атқарылған іс-шаралар туралы есесп беріп, алдағы уақытта өткізілетін іс-шаралардың өткізілу барысын талқылады. 29.03.2022ж.«Түкті кілем – көк кілем» атты қалалық фотобайқауға қатыстық. Оқушылар табиғат кқріністерін фотоға түсірді. Түсірген фотоларын сипаттап берді. Оқушылардың жұмыстары қалалық байқауға жіберілді. 30.03.2022ж. Қалалық «Жұмбағым - жұмбақ» байқауына мектебіміздің 4 «А» сынып оқушысы қатысты. Оқушылар сайыс барысында қойылған жұмбақтарды шешіп, бір – біріне дайындап әкелег жұмбақтарын жасырды. Оқушылар сайысқа белсене қатысқаны үшін Алғыс хатқа ие болды.
Жоспарға сәйкес барлық іс-шаралар уақытында өткізілді. Мектеп оқушылары барлық іс-шараларға белсене қатысты.
Қосымша білім беру: үйірмелер мен секциялар
Жас ұрпақ тәрбиесі адамзаттың барлық кезеңінде ғасырлар бойы дамып, өз шешімдерін тауып келеді.
Мектеп өмірінде мұғалім – басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді.
Ұлы данышпан Абай Құнанбайұлы «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деген қанатты сөзіді айтқан. Қазіргі кезде мемлекетімізде жас ұрпақтың жан – жақты дамуымен бірге тәрбиесіне де ерекше назар аударылуда.
Ұрпақ тәрбиесі - баршаның ісі. Тәрбие тек сабақ берумен ғана шектелмейді, ол сабақтан тыс уақытта да жалғаса береді және тереңдетіле түседі. Сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік іс – әрекет әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып жүргізіледі. Тәрбие барлық уақытта және барлық жерде жүзеге асырылады. Оны белгілі бір сағатпен, сабақпен шектеуге болмайды. Оқушының бос уақытын тиімді өткізу мен балаға жақсы тәрбие беруде оқыту сабақтарына қарағанда, сабақтан тыс жұмыстар мен мектептен тыс жұмыстардың алатын орны ерекше.
Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады. Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына арналады. Әр адам бос уақытын өзінше бір нәрсеге арнайды. Бірақ, бос уақытты ұтымды етіп өткізу әлдеқайда тиімді. Бос уақытты пайдалана отырып, қоғам, ұжым, отбасы оқушылардың демалысын тиімді етіп ұйымдастырылуына күш жұмсауы қажет. Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос уақыт - олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз етеді. Баланың бос уақытын оның өз қалауымен өткізуге атсалысу, оған аса мән беру - қазіргі таңның басты мақсаты саналуы тиіс. Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт беріп отыру-барша қауымның ортақ ісі. Оқушы жан-жақты болып өсу тек қана оның мектепте өткізген уақытымен шектелмейді. Бүгінгі таңда жаңа білімді адамды қалыптастыру барысында мектептің қызметі күннен-күнге ұлғая түсуде. Балалар ұйымы, ата-аналар, бүкіл жұртшылық балалардың бос уақытын өміріне пайдалы тәрбиелік мәні болатындай етіп өткізулеріне көмектесулері керек. Оқушылардын бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру оңай мәселе емес екенін де ұмытпауымыз керек.
Мектеп оқушылары мектептегі, мектептен тыс үйірмелерге үздіксіз қатысып жатыр. Түрлі спорттық үйірмелерге, шығармашылық үйірмелерге, вокал, аспаптық үйірмелер, театрлық, өлкетану бағытындағы үйірмелер, математика-жаратылыстану бағытындағы үйірмелерге белсенді қатынасып жүр.
Бүгінгі заман бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы. Сондықтан адамзат қиял мен ғажайыптарға қол созады. Мектебімізде оқу - тәрбие беруде тұлғалық танымдық белсенділікті дамыту мақсатында бірқатар үйірмелер жұмыс жасайды. Әрбір үйірменің жұмыс кестесі, уақыты белгіленген. Атап айтқанда, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қабілеттерін ашу мақсатында спорттық – футбол, волейбол үйірмелері жұмыс жасайды. Үйірмеге қатысып жүрген оқушылар спортқа, дене тәрбиесіне қызығушылық танытуда. Үйірме жұмысы барысында түрлі спорттық жарыстар, сайыстар ұйымдастырылады. Нәтижесінде көпшілік оқушылар қалалық спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде.
Бірқатар оқушылар ой-өрістерін, логикасын арттыру мақсатында мектептен тыс шахмат үйірмесіне қатысады. Домбыра үйірмесіне де оқушыларымыз белсенді қатысады. Нәтижесінде мектебімізде өтетін мерекелерде, түрлі сайыстарда домбырашыларымыз өз өнерлерін ортаға салып, шығармашылық есептерін береді. Оқушылардың сезім байлығын арттыру, ішкі жаратылыс қалпын дамыту мақсатында оқушылар вокал үйірмесіне қатынасады. Оқушылар өнерлерін шыңдау арқылы ән айтуға, кәсіби сахналық мәдениетке үйренеді. Оқушылар ән, хор сайыстарына да қатысып жүлделі орындарды иеленуде.
Би өнері балаларға денсаулықпен қатар, дене бітімінің жақсы жетілуіне көмек етеді. Бос уақыттарын тиімді қолданады, жүріс-тұрыстарын түзейді, өз - өздерін еркін ұстауға дағдыланады, ұқыптылыққа, зейінділікке, шапшаңдыққа, икемділікке үйренеді. Бұдан басқа «Робототехника», «Ғажайып математика», «Туған жер алтын бесігім», «Тіл әлемі», «Асыл сөз», «Туған ел ұланы», «Математиканың сан қырлы ғажаптары», «Мұражайтану», «Жас турист», «Көңілім әнді ұғады», «Оқу сауаттылығы», «Көңілді математика», «Хиуазтану», «Ғайсағали Сейтақ шығармашылығы», «Бейорганикалық химияның негізгі ұғымдары», «Спорттық ойындар» үйірмелері оқушылардың қабілеттері мен қызығушылықтарын арттырып, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыр мақсатында жұмыс атқарып жатыр.