14 Нау 2023
жаңалықтар 20

Бүгін қазақ халқының көнеден келе жатқан дәстүрлі мерекесі – Көрісу күні

Бүгін қазақ халқының көнеден келе жатқан дәстүрлі мерекесі – Көрісу күні. Ол – Наурыздың алғашқы жаршысы іспеттес. Амалдың негізгі шарты – үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық көрсету, әлсізді демеу, жарлыны жарылқау. Бұл күні жасы кішілер үлкендерге арнайы сәлем беріп, қол алысып, төс қағыстырады. Ақсақалдар «Бір жасың құтты болсын!» деп, жастарға батасын береді. Бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады. Үй иелері келгендерге дәм ұсынып, ақ тілегін жаудырады. Осылайша, Көрісу – бауырмалдықтың, кішіпейілдіктің, қайырымдылықтың мерекесі саналады..