14 Нау 2023
жаңалықтар 20

"Бауырсақ" фестивалі өткізілді

Мектебімізде өзін - өзі басқару ұйымы, Аталар, әкелер, әжелер, аналар мектебінің ұйымдастыруымен  Наурыз мерекесіне орай ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру  мақсатында "Бауырсақ" фестивалі өткізілді. Мектеп оқушылары ұлттық нақышта киініп, ұлттық тағамдарды көпшілікке ұсынды. Фестивальға аталар мен ақ жаулықты әжелер, мектеп ұжымы қатысты. Фестиваль барысында  халық әндері орындалып, күй тартылды.