14.12.2022 ж 10-сыныптар арасында Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіз елдің жастары қандай?" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараның мақсаты: Оқушылардың бойына Отансүйгіштік қасиетті дарыту; Тәуелсіз еліміздің болашағы білімді жастардың қолында екенін ұғындыру, жас ұрпақтың бойына жауапкершілік сезімін дарыту; Шара барысында оқушылар "Тәуелсіз елдің жастары қандай болуы керек?" деген тақырыпта пікірталас ұйымдастырып, өз ойларын ортаға салды.