02 Қырқ 2022
жаңалықтар 20

1 қыркүйек - Білім күніне орай өткізілген салтанатты шара өткізілді

1 қыркүйек - Білім күніне орай өткізілген салтанатты шара  өткізілді

2022 жылдың 1 қыркүйек -  Білім күніне орай  мектебімізде «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты салтанатты жиын  өткізілді.

Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру.

Міндеттері:

- қатысушыларды өткен оқу жылының жетістіктерінен хабардар ету;   

- білім алушылардың бойында оқуға құштарлық пен білім алуға деген ұмтылысын қалыптастыру;

- білім алушылардың бойына отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;

- өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру. 

Жиын барысында Мемлекеттік гимнді орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібіне сәйкес жүргізілді.

Салтанатты жиын Зашаған кенті әкімі А.У.Аубекеров  пен облыстық білім басқармасы білім беруді дамыту орталығының бөлім басшысы  Ж.М. Нарикованың қатысуымен өтті.

Салтанатты жиынға оқушылар мен олардың ата-аналары арасында құқықтық тәрбие бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында                             ішкі істер органының қызметкері М.Н.Баймукашев қатысты.

Мектеп табалдырығын енді аттаған 1 сынып оқушыларына "Әліппе" алғашқы оқулығы салтанатты түрде табысталды. Мектебіміздің директоры Н.К. Утегалиева елеулі еңбектері үшін марапаттауларға ие болған ұстаздар мен түрлі деңгейде сайыстарға қатысып, биіктерден көрінген оқушыларды марапаттады. Салтанатты жиын 5-11 сынып оқушылары үшін сағат 08:00 -08:45 аралығында өткізілді. Оған 1145 оқушы қатысты.  1-4 сынып оқушылары үшін 9:15-10:30 аралығында өткізілді. Оған 952 оқушы қатысты.